Айтуынша, оны сол кездегі жолдасы балаларының көзінше ұрып-соққан.
Облыстық полиция департаментінен білгеніміздей, әкімге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Ақпанда іс сотқа жолданған.
Ал, облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі қалалық №2 сотта шенеунікке қатысты қылмыстық іс қаралып жатқанын растады. Кезекті сот отырысы 29 мамырда сағат 10.00-де өтеді.
«Азаматша А.Умбеткалиева облыстық әкімдікке хабарласпады. Аталған жайтқа орай қызметтік тексеріс жүргізілетін болады» делінген баспасөз қызметінің жауабында.