"5 наурыз күні сағат 14:40 шамасында 47 жастағы азамат қоғамдық көлікте №22 жолаушыларды тасымалдайтын автокөліктің 49 жастағы жүргізушісіне күш қолданып, ұрып-соққан. Қазіргі уақытта жүргізушіге келтірілген дене жарақатын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдіктіге қатысты бұзақылық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды" делінген Атырау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.