RSS лента

"Ақтөбе" футбол клубында қайғылы жағдай орын алды

  • 13.10.2025, 18:25,
  • 72
  • 0
  • Автор:
Автор фото: instagram.com/fcaktobe_youth

Ақтөбеде «Ақтөбе» клубының 15 жастағы футболшысы отбасымен бірге қаза тапты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Ақтөбе» футбол клубы жастар командасының қорғаушысы Арон Мусаның қаза болғанын хабарлады. Сол күні оның әжесі мен немере ағасы да көз жұмған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың өліміне көміртек тектес газдан улану себеп болған.


Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үш адамның мәйіті Ақтөбедегі жеке тұрғын үйден табылған. Өрт белгілері анықталмаған, алайда мамандардың болжамынша, оқиғаның себебі газ жабдығының ақауынан туындаған болуы мүмкін. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Арон Муса «Ақтөбе» командасының (U-16) сапында ойнап, QJ League турниріне қатысқан. Биылғы маусымда ол алты матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген.


Клуб жас спортшының отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтты.


«QJ league турнирінде ойнайтын “Ақтөбе U-16” командасының ойыншысы, 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы орын алды. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған туыстарына қайғыра көңіл айтамыз» делінген хабарламада.


Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости