"2025 жылғы 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының маңында атыс қаруын қолдану фактісі орын алды. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Оған қажетті барлық медициналық көмек көрсетілуде. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен бір азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде" делінген хабарламада.