12 қарашада «WOW» кафесінен 19 жастағы екі азамат жеткізілді. Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болды.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-б. — 99 2-б. 9-т. (Бұзақылық ниетпен өлтіруге оқталу) бойынша тіркелген.