Республикалық маңызы бар тасжолдарда жол қауіпсіздігін алдын алу бағытында жүргізген патрульдік полиция ротасының ескертуіне қарамастан бір сағаттан соң жол апатынан екі адам қаза тапты. 15 қаңтар күні сағат 14:00-де полицейлер жүргізушілерге жолдың тайғақ болуына байланысты сақтық шараларына мұқият болу керектігін ескерткен. Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 53-шақырымында қоғамдық автокөлік пен маркасы Chevrolet Cobalt автокөліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды.
Салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізуде.
Айта өтейік, облыстық полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері ауа райының тайғақ және қолайсыз болуына байланысты жүргізушілерге ескерту жұмыстарын ұдайы өткізуде.