RSS лента

Жол апатынан 9 адам қайтыс болды...

  • 30.09.2024, 13:24,
  • 1 224
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ПД баспасөз қызметі

Атырау облысының полициясы автокөлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережесін сақтауды ескертеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Облыс аумағында қала-аудан арасында көлік қозғалысының қарқындылығы артуына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері рейдік іс-шараларды ұйымдастырады.

 

Мәселен, Доссор – Құлсары – Бейнеу республикалық маңызы бар тас жолдарда жыл басынан бері 18 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 9 адам қаза тауып, 24 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті. Талдауға сәйкес, оқиғалардың басым бөлігі жүргізушілердің көлік жылдамдығын сақтамауынан және басып озуға тыйым салынған жол белгілерін орындамау салдарынан болып отыр. Осы ретте патрульдік полиция рота қызметкерлері жол қауіпсіздігін сақтаудың барлық бағыты бойынша қызметтерін атқаруда. Басты мақсат — автожолдарда халықтың қауіпсіз қатынауы, жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

 

– Ескерту жұмыстарынан бөлек “Кибер-Шериф”, “Оракул Инсайт” бот аппараттары орнатылған автопатрулдьдер және дрон әуәкамераларын пайдаланудамыз. Құрметті облыс тұрғындары мен қала қонақтары! Сіздерден көлік құралын басқару кезінде жол жүру ережелерін қатаң сақтауларыңызды ескертеміз. Жолда сақ болайық,- дейді полицейлер.

 


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости