Жамбыл облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 17 тамыз күні түнгі сағат 01:00 шамасында республикалық маңызы бар Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолының 34-ші шақырымында, Меркі ауданына қарасты Тәтті ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болған. Тoyota Alfard минивені мен Skoda-Octavia полиция көлігі бетпе-бет соқтығысып, минивэн өртке оранған.
Оқиға салдарынан 6 адам қаза тапты. Оның екеуі — полиция қызметкері және төртеуі — Toyota Alfard көлігінің жолаушысы. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайлар қызметі өртті сағат 1:45-те сөндірді.