RSS лента

Қызылордалық алаяқ 13 млн теңгеге алдаған

  • 24.07.2024, 12:00,
  • 686
  • 0
  • Автор:
Автор фото: polisia.kz

Қызылорда тұрғыны облыстың алты тұрғынының сеніміне кіріп, ақшасын заңсыз иемденген, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Кейбір жәбірленушілерді “жұмысқа орналастырып беремін” деп алдаса, кейбірінің жеке деректерін пайдалана отырып, 4 млн теңгеден астам сомаға несие рәсімдеген. Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын шамамен – 13 млн теңге.


Тергеу барысында күдікті азаматша жасаған алаяқтық іс-әрекеттері толығымен өз дәлелін тауып, оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық) сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды. № 2 Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде сотталушыға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости