RSS лента

Полиция даулы видеоға түсініктеме берді

  • 08.12.2023, 23:42,
  • 561
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Атырау қаласында алаяқтық қылмысы бойынша аса ірі мөлшерде ақша иемденді деген күдікпен 1990 жылы туған  азаматша анықталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Күдікті азаматша бірнеше жәбірленушінің ақша қаражатын көбейтіп беремін деген желеумен 15 млн теңгеге жуық материалдық шығын келтірген.

 

Сонымен қатар, прокуратураның қолдауымен ауданаралық тергеу сотының алдында бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш білдірілді.

 

Айта кетейік, әлеуметтік желі қолданушыларының аталған азаматшаны полиция басқармасының қызметкерлері заңсыз қамады деген ақпараты шындыққа сәйкес келмейді. Өйткені, полицейлер заң орындаушы орган болғандықтан заң шеңберінде әрекет етті. Күдіктінің туыстары оның емізулі баласын басқармаға әкелген соң, Министрліктің 2018 жылдың 5 ақпанындағы №95 бұйрығына сәйкес 3 жасқа дейінгі баланы анасынан айырмау мақсатында қажеттілікке сәйкес бала анасына берілді.

 

6 желтоқсан күні Тергеу сотының шешіміне сәйкес күдіктіге 2 ай мерзімге үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, уақытша ұстау абақтысынан босатылды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости