RSS лента

Ертең Атырауда су тасымайтын болды ма?

Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Атырауға тасқын су нақты қай күні келетіні белгілі болды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Өңірге өр суы бұдан бұрын айтылғандай 20-25 сәуір емес, 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында келуі мүмкін. Сала мамандарының сан түрлі пікірін сараптай келе осындай болжамға келіп отырмыз. Иректі су қоймасынан ағып келе жатқан судың Қазақстан-Ресей шекарасындағы үлкен жайылмаларға құйылуы оның алғашқы жылдамдығын азайтқан. Енді өр суы өңірге бес күн немесе бір апта кешігіп келеді деп күтілуде» деді Жасұлан Орақұлы брифинг барысында.

Оставить комментарий
Последние новости
Все новости