RSS лента

15-20 сәуір аралығында үлкен су келеді

  • 09.04.2024, 09:06,
  • 288
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turantimes.kz

Батыс Қазақстан облысында су басу әлі қауіп сейілген жоқ, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Облыста 12 аудан, бір қала болса, 8 ауданда жағдай тұрақтанды. Облыс орталығы мен 4 ауданға қауіп әлі де төніп тұр. Олар Ақжайық Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандары. Олардың барлығы Жайықтың бойында орналасқан. Жайық - РФ Челябі облысынан келетін өзен. Олардың көп мөлшерде су тастауы өңірге қауіп туғызады. Соңғы тәуліктерде су көлемі 2140 текше метрге дейін жетті. Ал, былтыр секундына 15 текше метр су келді. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов ОКҚ брифингінде осылай деді. Оның айтуынша, Жайыққа тағы бірнеше өзен құлайды. Олардан су толық мөлшерде келіп түсіп жатыр. Үлкен суды сәуірдің 15-20-да келеді деп күтілуде. 


«Бүкіл күшімізді Жайықтың бойында орналасқан 4 аудан және қала тұрғындары, яғни 82 мың халқымызға жұмсап жатырмыз. 280 техника бар.21 шақырым дамба орналастырдық. 581 үй су астында қалды. Материалдық залалды анықтау жұмыстары басталды. Су астына кеткен 236 үй бойынша техникалық сарапама жалғасуда. Су тасқыны басталғаннан бері 12604 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Эвакуациялық пунктерге 4347 адам орналасты. 2824 адам үйлеріне қайта оралды. Пунктерде 1523 адам қалып отыр. Мал шығындары бар. 2351 бас ірі қара, 2482 қой - ешкі, 58 бас жылқыны қауіпсіз аумаққа көшірдік. 219 бас ірі қара, 1652 бас қой-ешкі, 54 жылқы , 119 үй құстары шығыны тіркелді»,-деді спикер. 


Зардап шеккендерге жан жақты көмек көрсетілуде.  502 отбасына 92,6 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. 256 тонна гуманитарлық көмек көрсетілді. 2500 волонтер жұмыс істеп жатыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости