RSS лента

Желіде банандарға қатысты қорқынышты ақпарат тарады

  • 12.10.2023, 23:11,
  • 676
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Мессенджерлерде қазақстандықтар банан жеуден бас тартуға шақырған хабарламалар таратуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Олардың құрамындағы қауіпті вирустан 23 адам қайтыс болған екен. Ресми stopfake.kz мұның ескі фейк екенін мәлім етті. Банан арқылы таралатын және Синьхуа ауруханасында 23 адамның өліміне себеп болған n7n9 вирусы туралы ақпарат – бұл 2020 жылдың басында, яғни COVID-19 пандемия деп жарияланғанға дейін пайда болған қорқынышты әңгіме.



Хабарлама РесейҚазақстан және Украина елдерінде көп тараған. Барлық үш мемлекетте ауру жұқтырылған банандар туралы ақпарат жоққа шығарылды.


Ақпаратта аталған Синьхуа ауруханасы бар. Ол Шанхай Цзяотон университетінің медицина факультетінің құрамына кіреді. Ашық дереккөздерде 2020 жылы аурухананың 23 пациенті бананнан вирус жұқтырып, қайтыс болғаны туралы мәліметтер жоқ. Мекеменің ресми сайтында да мұндай хабарламалар жарияланбаған. 


N7n9 деп аталатын вирус жоқ. H7N9 деп аталатын құс тұмауының штаммы бар, бірақ ол банандарда болмайды және тек адамнан адамға ғана ауа тамшы жолымен беріледі.
Демек, бұл хабарламаға сенбеген жөн. Бұл расталмаған ескі фейк.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости