Бұл идеяны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған, ал Парламент депутаттары оны бірауыздан қолдаған. Бас қаланы ауыстыру туралы ресми түрде 2024 жылдың қаңтарында жарияланады екен. Ресми stopfake.kz бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
ҚР Президентінің ресми сайтында елорданы Түркістанға көшіру туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ, Парламенттің сайтында астананы көшіру туралы «тарихи шешім», «қызу талқылау» және «бірауыздан қолдау» туралы хабарламалар жоқ. Еліміздің бас қаласын Астанадан Түркістанға көшіру туралы қауесет бұрыннан таралуда. Алайда, 2020 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев олардың мүлдем негізсіз екенін және мұндай шешім қабылданбағанын айтқан болатын. 2022 жылы Қазақстан астанасын Түркістанға ғана емес, Қостанайға да көшіру туралы ақпарат тараған. Ол да фейк болып шықты.