RSS лента

72 жастағы қария желі қолданушыларын таңқалдырды! (+видео)

  • 26.09.2023, 01:30,
  • 296
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Әлеуметтік желіде 72 жастағы марафоншы ақсақалдың көк Туды арқасына жауып билеген видеосы тарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

 

Бейнежазба Атырау қаласында өткен VI ANNUAL ATYRAU MARATHON шарасында түсірілген. Turantimes.kz тілшісі видеодағы қарияның кім екенін анықтады. Ол – өңірдегі ең жасы үлкен марафоншы Жаманбек Төлеутай екен. Бала күнінен қашықтыққа жүгіруді жанына серік еткенін айтады. Осы жасқа келгенде мінсіз физикалық формада келе жатқан марафоншы мәңгі жастықтың құпиясымен бөлісті.

 

«Физикалық форманы сақтаудың айтырлықтай құпиясы жоқ. Бастысы – спортпен шұғылдану. Адам қаншалықты тамақтанса, соншалықты спортпен айналысу керек. Әсіресе, жүгірудің адам ағзасына өте пайдалы екенін ғалымдар дәлелдеді емес пе? Сондықтан жастарға телефонға телміріп, бір орында отыра бермей, табиғат аясына шығып, дене шынықтыруға кеңс берер едім. Егер бәсекеге ақбілетті ұлт болғымыз келсе, қазірден бұқаралық спортты дамыта беру керек» деген ақсақал спорттың көңіл-күйге де оң әсер ететінін атап өтті.

 

Ал, бейнежазбаға келсек, оның астында неше түрлі пікір жазылуда. Бірі қарияның позитивті биін қолдаса, енді бірі сөгіп жатыр. «Билей берсін несі бар, үлкен кісілер қалтырап үйде отыру керек пе?», «Тик-токта шашын жайып, тоңқайып билеген қыздардан осы атаның билегені мың есе артық», «Ақсақалды сыйлаймыз, бірақ жасқа да қарау керек қой, үлкендер жастарды бұзақы деп ренжиді, бірінші өздерінен бастау керек», «Осы жасқа келіп жүгіріп қараңдар, үйде отырып комментарий жаза бермей», «Жүгірген жақсы, бірақ ақсқақал әуретті жерін ашып билегені біртүрлі екен» деп жазуда желі қолданушылары.

 

Айта кетейік, жыл сайынғы спорт додасына бұл жолы мыңнан астам марафоншы мен 2 мыңнан аса тұрғын қатысып, 5, 10, 21, 42 шақырымға жүгірді. Нәтижесінде Еркебұлан Аташов, Әсем Абдуғазиева, Есенбол Жаңабек, Толқын Нұрышева, Ислам Аманқос, Ақбілек Құралай, Данияр Орманғали, Дарья Неделкина жеңіс тұғырынан көрінді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц