RSS лента

"Актер болу оңай емес..."

Автор фото: ашық дереккөз

Бұл туралы белгілі актер Әміржан Нұрланұлы оқушыларымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz сайтының тілшісі.


JasSpace кеңістігінде ерекше мотивациялық кеш өтті. Белгілі актер, «Жастар» театрының директоры Әміржан Нұрланұлы оқушылармен кездесіп, ​ сүйікті істі кәсіпке айналдыру жолдары​ туралы ойларымен бөлісті.

 

70-ке жуық оқушы қатысқан кеште Әміржан Нұрланұлы адам қойған мақсаты жолында еңбек етуі керектігін айтты.


«Мысалға, бала күнімнен актер болуды армандадым. Бірақ, ауылдан мектеп бітіріп, қалаға келгенімде, мен таңдаған оқу орнында актерлік мамандығы болмады. «Қалай да актер боламын» деген мақсатпен, іздендім, еңбектендім. Мен ашқан «Жастар» театры басында қойылымдарын көшеге қойып жүрді. Сол кезде ешқандай еңбекақысыз жаныма жиналған жас актерларға ризамын. Қазір біз үлкен ұжымбыз. Өзіміздің сүйікті ісімізбен айналысып, облыстық, республикалық, әлемдік театр сахналарында спектакльдер қойып жүрміз» деді Әміржан Нұрланұлы.


 

 

Актер Әміржан Нұрланұлының пікірінше, жастар бәсекеге қабілетті болуы керек.

 

«Егер ұрпақ халқының әдет-ғұрпын, мәдениетін, тілін-дінін, құндылықтарын сақтайтын болса, ондай елдің болашағы жарқын болады. Сіздер бәсекеге қабілетті ұрпақ болуыңыз керек. Ол үшін адам ізденісін тоқтатпауы керек» деп атап өтті актер Әміржан Нұрланұлы.

 

Еске сала кетсек, «Жастар» театры 2016 жылы ашылған. Театр ашылғалы бері 30-дан астам спектакльдерді ​ сахналады. Италия, Испания, Франция, Куба, Ресей мемлекеттерінде өткен халықаралық театр фестивальдерінде бас жүлдені иеленді.



 

Оставить комментарий
Последние новости