RSS лента

Күтпеген жағдайға тап болды... (+видео)

  • 26.05.2023, 01:21,
  • 2 689
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: ашық дереккөз

Соңғы кезде өңірде иттердің күрт азайып бара жатқаны тұрғындардың күдігін тудыруда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Осыған алаңдаушылық білдірген еріктілер арнайы тергеу жұмысын жүргізді. Нәтижесінде, төртаяқтылардың өлекселері қаладағы мал қорымынан табылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды. Одан өлекселердің өртенбей, тау болып үйіліп жатқанын көруге болады. Мұндай көріністен жағасын ұстаған «Доброе сердце» қоғамдық қорының негізін қалаушы Венера Манасова бастаған еріктілер тобы полицияға хабар бергендерін айтады. Негізі, мал қорымы агрессивті жануарларға арналған екен. Алайда, мұнда сырғаланған, яғни, чипі барлары да жайрап жатыр. Еріктілердің сөзінше, бұл жерге зарарсыздандырылған жануарлар да әкелінеді екен. Демек, мемлекеттің иесіз иттерді зарарсыздандыруға бөлген қаражаты да желге ұшып жатыр деген сөз.

 

 

Turantimes.kz редакциясы көтерген мәселеге орай "Атырау қалалық ветеринария станциясы" КМК директоры Сатыбалды Оразғалиев жауап берді.

 

– Қаңғыбас иттерді аулаумен айналысатын мердігер компания қызметкерлері Авангард ықшамауданының тұрғынынан «109» бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш қабылдады. Ол үй айналасында құлағында белгісі (чип) бар иттердің балалар мен ересектерге шабуыл жасайтынына шағымданған. Сөйтіп, алдымен жануарлар қорғаушыларына хабарласып, иттерді алып кетуді сұрапты. Бірақ төртаяқтылар оларға да шабуылдаған соң, жөндеріне кеткен. «Атырау қалалық аулау қызметі» ЖШС қызметкерлері тұрғындардың өтініші бойынша иттерді ұстап, уақытша ұстау пунктісіне әкелді. Кейін облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 19 тамыздағы №179 шешімінің 25-тармағына сәйкес иттерді екі сатылы эвтаназия әдісімен жансыздандырды. Жоғарыда аталған шешімнің 26-тармағына сәйкес оларды биометриялық шұңқыр орнатылған мал қорымына тапсырды, - деп түсіндірді ветеринария станциясының басшысы бізбен әңгімесінде.

 

Фото: иллюстратив

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости