RSS лента

Президентке бейнеүндеумен шықты (+видео)

  • 17.03.2022, 01:06,
  • 487
  • 0
  • Автор:

16 наурыз күні жергілікті балықшылар Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінің сағасынан Президентке, Экология және табиғи ресурстар министрі мен облыс әкіміне бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Теңіздің тайыздығынан (су тереңдігі – 15-20 сантиметр) балықшылардың теңізге шыға алмай отырғанын кадрдан анық көруге болады. Олар Құрманғазы ауданында су түбін тереңдету жұмыстарына мемлекеттен бөлінген миллиардтаған теңгеге қатысты мәселеден бейхабар екендерін айтады.


Айтуларынша, өңірде экологиялық апат орын алуы мүмкін. Себебі, каналдар мен өзектер құрғап, орнына қамыс өсіп жатыр. Бұл табиғатқа кері әсерін тигізбей қоймасы анық. Екіншіден, бұдан келетін экономикалық шығын да шаш етектен. Өйткені, бұл өз кезегінде балық шаруашылығының дамуына кедергі келтіреді. Егер балықшылар теңізге шыға алмаса, балық кәсіпшілігі де тұралайды. Әйтсе де, осыған дейін мемлекеттік деңгейде Каспий теңізінің қазақстандық секторында балық шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері қарастырылған болатын.

Осы орайда, балықшылар тығырықтан шығар бір ғана жол бар екенін алға тартады. Бұл – теңізге шығатын каналдың түбін тереңдету. Оған қоса, қазу жұмыстарын Каспий деңгейінің құбылмалығын ескере отырып жүргізу керек. Яғни, 2-3 метр тереңдікке дейін 20-30 шақырым аумақ қазылуы тиіс деген сөз.


Міне, сонда ғана балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпшіліктер еш қиындықсыз теңізге шығып, балық қабылдау мен тасымалдау жұмыстарын атқару үшін емін-еркін жүріп-тұра алады. Бірақ, бұл үшін қазірден ұйымдастыру жұмыстарына кірісе беру керек.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости