RSS лента

Полиция азаматтарға маңызды ескерту жасады

  • 10.02.2025, 17:01,
  • 102
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Полиция азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы полициясы зейнеткерлерге қатысты алаяқтықтың көбейіп бара жатқанын ескертті. Қалалық полиция қарт адамдарға қатысты интернет-алаяқтық деректерінің көбейгенін хабарлады. Алаяқтар көбінесе өздерін банк қызметкері немесе құқық қорғау органының өкілі ретінде таныстырып, адамдарға маңызды арнайы іс-шара туралы хабарлайды. Олар жәбірленушіні өздерінің барлық талабын сөзсіз орындауға және бұл туралы ешкімге айтпауға мәжбүрлейді. Соның салдарынан қарт адамдар жинаған қаражатынан айырылып, тіпті алаяқтардың "нұсқауымен" несие рәсімдеп қоюы мүмкін. Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев әр азаматтың өз қарт туыстарын қорғап, оларға алаяқтардың қулықтары туралы үнемі ескертіп отыруы маңызды екенін атап өтті.

 

Полиция келесі айлаларға назар аударуға шақырады:

 

- Егер сізге құқық қорғау органынан, банктің қауіпсіздік қызметінен, ұялы байланыс операторынан немесе басқа мемлекеттік органдардан қоңырау шалып, SMS-кодтар немесе жеке ақпарат сұраса, әңгімені дереу тоқтатыңыз.

 

Қоңырау шалушының нөмірін бұғаттап, жақын жердегі құқық қорғау органына хабарласыңыз;

 

- Жеке мәліметтеріңізді, банк шотыңыздың деректерін ешкімге айтпаңыз.

 

Есіңізде болсын: банк және құқық қорғау органдарының қызметкерлері телефон арқылы құпия ақпарат сұрамайды;

 

- Банк карталарыңызды бөгде адамдарға бермеңіз және жеке кәсіпкерлік куәлігіңізді (ЖК) жалға бермеңіз. Бұл құжаттарды заңсыз мақсатта пайдаланған жағдайда, сіз де қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін;

 

- Егер өзін инвестициялық брокер ретінде таныстырған адам сізге қоңырау шалып, криптовалютаға немесе қор нарығына тиімді инвестиция салуды ұсынса, аса сақ болыңыз.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости