Алаяқтар атап айтқанда, телефон қоңырауын шалып немесе өздерінің мүддесі үшін қаржылық және басқа операцияларды жүргізу туралы өтініштері немесе талаптары бар мәтіндік хабарламалар жібереді.
ҰҚК баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл ретте азаматтарға олардың атына қылмыстық мақсатта пайдаланылған ақшалай несие ресімделгені тәрізді,сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны жайлы қорқыту хабарлама келеді.
ҰҚК символикасы бар арнайы дайындалған құжаттардың файлдары жиі жіберіледі (қызметтік куәлік, хаттар мен бұйрықтардың фирмалық бланкілері).
Естеріңізге сала кетейік, ҰҚК қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде азаматтарға қандай да бір қаржылық операциялар жүргізуді ұсынуға өкілеттігі жоқ.
Егер сіз немесе танысыңыз осындай жағдайда тап болса, тез арада әңгімені/хат жазысуды тоқтатуы және 102 телефоны бойынша полицияға жүгінуі тиіс.