RSS лента

Шетелдік көліктердің шырғалаңы біте ме?

Автор фото: ашық дереккөз

Көлік іздеп қазақтың шетел асуы еріккендік емес, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

О т а н д ы қ а в т о м о б и л ь д е р д і ха л ы қ қ а қ ол же т і м д і е ту ү ш і н Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдікпен несие беру бағдарламасын іске қосқан еді. Қара халықтың қамы үшін жасалған бағдарлама болғанымен, автосалондардан оның игілігін көріп, көзі жайнап, көңілі шаттанған ағайындарды байқамадық. Жеңілдетілген автонесиеден үміттілердің үміті ақталмады. О с ы л а й ш а , к ө п т і ң к ө ң і л і н е н шықпаған іс болып тұр бұл. О с ы н д а й с е б е п т е р д е н с о ң халық шетелдік «шыттай» көлік т і з г і н д е п , а з - м ұ з а қ ш а л а р ы н а бір көлікті қолма-қол еншілегісі келеді.

 

Көлік іздеп қазақтың шетел асуы еріккендік емес. Қала қала ғой, аудан, ауылдық жерде де өзге нөмірлі көлікті тізгіндегендердің қарасы көп. Байқасақ, теңіздің ар жағынан тау асып келетін шетелдік нөмірлілердің нөпірі басым секілді. Өзге елден сатып әкеліп жүргізіп жүргендердің айтуынша, техникалар біздегіден әлдеқайда арзан және сапалы. Ал, тұрғындар арасында шетелдік нөмірлерді тіркейді деген әңгіме шыққалы бұлардың да бағасы өсіңкіреп, сырттан алып келушілер саны да артқан секілді. Расымен, мұндай «иесіз» шетелдік көліктердің жергілікті элект рондық базаға тіркелмеуі — елімізде жол-көлік оқиғасы орын алып, қылмыстық фактілер анықталған жағдайда шұғыл іздестіруге ішкі істер органдарының жұмысына кедергі келтіретіні айтпаса да түсінікті. Сол себепті мемлекет басшысы шетелдік автокөліктерді заңдастыруды тапсырды.

 

Жу ы рд а С а л ы қ код е кс і н е 1 қыркүйекке дейін Қазақст анға ж е т к і з і л г е н а в т о к ө л і к т е р д і з а ң д а с т ы ру ғ а б а с т ап қ ы т і р кеу үшін алым белгілеуді көздейтін өзгерістерге қол қойылды. Шетелдік көліктерді тіркеу құны 200 мың теңгені құрайды. Қалғаны техпаспорт пен мемлекеттік нөмір үшін алынатын төлемдер, олар үшін тағы 13 171 теңге төлеу қажет. Ол сома аздап өзгеруі мүмкін. С о н ы м е н , ш е т е л д і к т е м і р тұлпарды «қазақыландыру» үшін автокөлік іздестіруде болмауы керек. Екіншісі – кедендік тазалаудан өтуі тиіс. Егер аталған автокөліктер осы талаптарға сәйкес келсе, әрине оларды тіркеуге еш кедергі жоқ. Заңдастырылатын автокөліктердің жылына және экологиялық клас ы н а т а л а п т а р қ о й ы л м а й д ы . Елде уақытша тіркелген «армян» автокөліктері де заңдастырылады.

 

Алдымен, 200 мың теңге мөлшерінде бастапқы тіркеу алымы төленуі қажет. Олардан кедендік декларациялау талап етілмейді, себебі 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап олар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып танылады. Жобаға сәйкес шетелдік автомобильдерді заңдастыру 2023 жылғы 1 қаңтардан басталып, 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады деп болжанып отыр. Бұл туралы Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы процессингтік орталық бастығы, полиция майоры Жеңіс Дәулетов Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында егжей-тегжейлі айтып берді.

 

– Заңдастыру туралы өтінішті «Электронды үкімет» порталы арқылы немесе тікелей арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына беруге болады. Барлық қажетті төлемдер өкілетті орган автомобильдерді заңдастыру туралы шешім қабылдағаннан кейін жүзеге асырылады. Ал, 1 қыркүйекке дейін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автомобильдер кедендік тазартудан өтуі тиіс. Шығарылған жылы және заңдастырылатын автомобильдерге экологиялық сыныпқа сәйкестігі бойынша қандай да бір шектеу талаптары қойылмайды. Сонымен қатар, 1 қыркүйекке дейін елге кіргізілген оң жақ рульді, тіркеу құжаттары бар, заңды автомобильдерді заңдастыру мәселелері де шешіледі. Аталған мәселе бойынша сұрақтарыңыз т у ы н д а ғ а н ж а ғ д а й д а П о л и ц и я департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Call–орталық +7(7122)-98-23-15, +7747-461-47-37 телефон нөмірлеріне хабарласуыңызға болады, - деді ол.

 

Е л а р а с ы н д а қ о ң с ы ж ат қ а н Ресей елінен әкелінген көліктерді тіркеудің жайы да жиі айтылып жүр.

 

Жеңіс Бақтыгерейұлының айтуынша, мұндай «темір тұлпарлар» Ресей Федерациясының есебінен шығарылуы тиіс және қандай да бір айыппұлы мен қылмыстық шектеулері болмауы қажет. Брифинг барысында көптің көңілін күпті еткен – 1 қыркүйектен кейін кірген а вто к ө л і кт е рд і з а ң д а с т ы руд ы ң критерийлерін де сұраған едік, полицей мырза қосымша салықтар мен кедендік баж төленгеннен кейін заңдастыруға болатынын айтты.

 

А й т п а қ ш ы , е л д е г і ш е т е л д і к көліктердің саны туралы нақты а қ п а р а т ж о қ б о л ы п ш ы қ т ы . Сақт андыру компанияларының деректеріне сүйенген сала ма - мандары, ол бойынша елде 300 мыңнан аса шетелдік автокөлік барын анықтапты. Яғни, осынша автосақтандыру полисі ресімделген. Олардың 260 мыңы – Ресейден, 25,5 мыңы – Қырғызстаннан, 18 мыңы – Армениядан жеткізілген көліктер. Қалай десек те, темір тұлпарды тізгіндеушілердің талғамы шетелдік маркалы көлікке ауып тұр. Елімізде к ө л і к ж а с ау і с і о ң б а й , с о л а й бола бермек. Сандармен жұмыс жасауға жүйрік болмасақ та, шамашарқымызша есептеп көргенбіз. Мәселен, бір жылдың ішінде кем дегенде 50 мың көлік сатып әкелінді делік. Бір көлік орта есеппен 5 мың доллар дегенде, қаншама қаржының сыртқа шығып жатқанын бағамдай беріңіз. Оның үстіне жол шығыны, қонақүйлер, ұшақ билеті секілді тағы басқа шығындарды қосуды ұмытпаңыз… Иә, біздің жағдай осындай.

Оставить комментарий
Последние новости