RSS лента

Жасарудың тың тәсілі табылды!

  • 31.10.2022, 20:36,
  • 862
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Маман қарттықтың алдын алуға арналған кеңестерімен бөлісті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Геронтолог-гериатр Прощаев дененің қартаюын тежеу үшін көбірек оқу, өзін-өзі тәрбиелеумен айналысу, қан қысымын бақылау, көбірек қозғалу мен жаман әдеттерден арылуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

"Білім алу және жаңа ақпаратты алу, шет тілдерін үйрену, экскурсияға бару, кітап оқу – мұның бәрі танымдық резервті құруға ықпал етеді. Сондай-ақ физикалық белсенділігі төмен адамдарда бұл функциялар жасына қарай нашарлайтыны дәлелденді ", - деді сарапшы.

 

Геронтолог ДДҰ жаттығу схемасын ұсынды. Оның ішіне аптасына 150 минут жоғары қарқындылық немесе 300 минут орташа қарқынды жаттығулар жасау, 2-3 рет күш жаттығулары және аптасына бірнеше рет тепе-теңдік жаттығуларын жасау кіреді. Адам неғұрлым көп қозғалса, оның кәрілік жасындағы танымдық қызметі соғұрлым жақсы болады.

 

Дәрігер сонымен қатар қан қысымын бақылауға шақырады. Ол 140-тан 90-ға дейін төмен болуы керек. Ал егер жоғары қан қысымы қант диабетімен біріктірілсе, онда сандар 130-дан 80-ге дейін одан да төмен болуы керек. Бұл қарттықтың, инфаркттың, инсульттің, жүректің зақымдануының, бүйректің зақымдануының алдын алады.

 

“Экологиялық қолайсыз аймақтарда тұратын адамдарға табиғат пен таза ауада жиі болуы керек. Бұл мидың жұмысына пайдалы әсер етеді”,- деп қорытындылады сарапшы.

 

Қай қан тобының иелері ұзақ өмір сүреді?

 

Медицина ғылымдарының докторы, кардиолог Владимир Подхомутников "Доктор Питер" порталына берген сұхбатында қай қан тобының иелері тромбоздан аз зардап шегетінін және ұзақ өмір сүретінін айтты.

 

 

Маманның айтуынша, бірінші қан тобындағылар арасында қанның нашар ұйығыштығына байланысты тромбоз және инфаркт жағдайлары сирек кездеседі.

 

"Бірінші қан тобы бар адамдарының арасында эмболия, тромбоз және миокард инфарктісі жағдайлары аз кездеседі. Бұл қан тобының иелері көп жағдайда ұзақ өмір сүреді", – деді профессор.

 

Алайда, егер адам қанның ұю жағдайлары дұрыс болмаса, бұл теріс рөл атқаруы мүмкін. Жақында жапон ғалымдары бірінші қан тобы бар адамдар дәл сол себепті ауыр жарақаттардан, қан кетуден өліп кетуі мүмкін екенін анықтады. Қан ұйып қалатын болса босану кезінде әйелдер үшін де қауіпті.

 

Өмірді ұзартуға бола ма?

 

Диетолог тофудың өмір жасын ұзартып, егде жаста туындауы мүмкін сырқаттардың алдын алуға көмектесетінін айтты.

 

"Біріншіден, ол жақсы және сапалы ақуыз болғандықтан, пайдалы. Екіншіден, бұл ақуыз өзінің аминқышқылдық құрамына байланысты жануарлар протеинінен ерекшеленеді. Ал біз өміріміздің екінші жартысында мәзірімізде жануарлар етін азайтып, өсімдіктерді көбейткенді қалаймыз", – деді сарапшы.

 

Дерттердің алдын алумен қатар тофу холестерин алмасуын қалыпқа келтіреді. Атеросклероздың пайда болуына тежеп, өмір жасын ұзартады.

 

Тофудың пайдасы изофлавонда екен. Олар ағзадағы қабынуды азайтып, жас өскен сайын туындайтын аурулардың дамуына жол бермейді. Сонымен қатар изофлавондардан эстрогенге ұқсас қасиеті анықталған. Бұл – ерлерге қарағанда әйелдерде көбірек болатын гармон, дегенмен ол барлығына қажет. Тамақта мұндай гармондардың көп болуы ағзаға пайдалы.

 

Әжімнің алдын алуға болады

 

Ресейлік диетолог, нутрициолог Ирина Писарева бет терісінің қартаюын тоқтататын әдісті атады.

 

Ura.ru порталына берген сұхбатында ол құрамында қант бар тағамдардан бас тартса, бет терісі жақсаратынын айтты. Сонымен қатар, бұл артық салмақ пен қант диабетінің алдын алып, қан тамырларының жұмысын реттейді.

 

“Егер қант және құрамында қанты бар өнімдерден бас тартсаңыз, артық салмақтан құтыла аласыз. Өйткені қант денеге тек қысқа уақытқа энергия бере алады. Қантсыз тамақтар қант диабетінің алдын алып, қан қысымын реттейді. Қан тамырларының жұмысы жақсарып, ми мен жүректі оттегімен қанықтырады”, – деді маман.

 

Сонымен қатар нутрициолог тәтті жемейтін адамдардың бет терісінің түсі жақсырақ әрі әжімдердің аз болатынын айтты. Десе де қанттан толықтай бас тартуға болмайды, өйткені глюкоза ағзаға энергия береді, деп қосты маман.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости