Ол жақында Мексикадан, АҚШ-тан және Колумбиядан келген азаматтардан анықталды. Бұл туралы ақпаратты жергілікті Yonhap News ақпарат агенттігі таратты.
Аталған жағдайларды қадағалаумен кореялық ауруларды бақылау және алдын алу агенттігі айналысады.
Алғаш рет «мю» штаммы осы жылдың қаңтарында Колумбияда анықталған. Ғалымдар оның жоғары жұқпалы болуы мүмкін екендігін атап өтті. Қазіргі уақытта «мю» штаммы коронавирустық инфекциялардың жалпы санының шамамен 0,1% құрайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны «алаңдаушылық тудыратын» тізімге енгізді.