RSS лента

Қазақ қыздары неге шетелдіктерге тиіп жүр?

  • 17.12.2021, 18:39,
  • 6 014
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Талай қаракөз қыздарымыз өзге ұлтқа ғашық болып, сол халықтың санын көбейтіп жүргенін көріп жүрміз, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бақыттарын іздеген олар Қырым асып – түрікке, мұхит асып – америкалыққа, қырдан асып – қытайлыққа, тіпті Араб пен Африка елдерінің азаматтарына күйеуге шыққан жағдайлар тіркелуде. Соншама оларға не көрінді деп ойға шомсақ та, бұл өмірдің шындығы екенін еріксіз мойындайсың. Шетелге тұрмысқа шыққан қазақ қыздары ның тағдырына алаңдамасқа бола ма?


Аралас неке ХХІ ғасырдың жаңалығы емес. Бүгінгі таңда аралас некелерді жиі кездестіруге болады. Статистикаға жүгінер болсақ, жыл сайын 100 мыңнан астам жұптың некесі қиылса, оның ішінде 20 мыңы аралас неке.


Өткенге көз жүгіртсек, қазақтардың басқа ұлт өкілдерімен некеге тұру үлесі 1959 жылы – 14,4, 1970 жылы – 20,6, 1979 жылы – 21,5, 1989 жылы 23,9 пайызды құрады. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі аралас некенің үлесі 1999 жылы – 21,4, 2005 жылы – 18,8, 2013-17 жылдары 15,5 пайызды құрап отыр.


Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметі бойынша соңғы бес жылда еліміздегі неке санының 15,5 пайызын ұлтаралық некелер құрайды. Яғни әрбір алтыншы неке аралас болады.


Біздің қоғамда өзекті мәселелер күн өткен сайын жиілеп барады. Оның ішінде қаракөз қыздарымыздың шетелге тұрмысқа шығуы белең алып тұр. Бүгінгі бұрымдылардың бөтен елдің жігітеріне бұрылып қарауына не себеп? Алты алашты ауызына қарататын апталдай азаматтарымыз қайда қарап отыр? Қаны таза, қадірі биік қазақ қоғамындағы қылықты қыздарымыздың құны қашан да бөлек. Бірақ, сол биіктігімізді жоғалтып алмайықшы. Қазақ халқы әлемдегі ең қаны таза текті халық. Бұған дәлел жеті атадан аспай қыз алмағандығы. Ұрпақ тәрбиесіне қатаң мән беретін халқымыз өзге ұлттан қыз алғанмен, өзгеге қыз бермеген. Бүгінде тектілігімізге сызат түсіп жүргендей. Себебі, қазақ қыздарының дені шет елге еліктеймін деп, шет елдік серілерге құмар болып жүр.Көршілес елдерді былай қойғанда, мұхит асып махаббатын жолықтырғандар көп қазір. Өз бақытын өзге ұлттан тауып бақытты болып жатқандары да қаншама. Бұлай жалғаса берсе ұсақталып кетпесімізге кім кепіл?!


Не десек те әр адамның өз шешімі. Өзінің еркі. Бір қынжылтатыны нәзік жандылардың өзге ұлттың етегінен ұстағаны, жанымызға қатты батады. Жоғарыда атап өткендей, біз өз тектілігімізді жоғалтпауымыз керек. Жүрегіміз өз еліміз деп соғып, ақ жаулықты аналардың ізін жалғасақ бізден таза ұлт болмас еді. Өз отанымыздың шырағын жағып, түтінін түзу түтете алсақ өмірге дені сау ұрпақ әкеліп, намысты ұл мен, нәзік қыздарды дұрыс тәрбиелер едік. Не болса да ұят болады, жаман болады, обал боладыдан алыстамайық. Ұлт дәстүрін ұлықтап, бабалар аманатының шырағын сөндірмейік.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости