«2022 жылы республикалық бюджетті нақтылау кезінде мұнайлық емес тапшылық бекітілген 7 трлн теңгенің орнына 9 триллион 342 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды. Ал, бұзылған 8,1 пайыздық тапшылық шегін 10,2 пайызға көтеру арқылы ғана айналып өтті. Бұл «бармақ басты, көз қысты» деп аталады.
Естеріңізге сала кетейін, Ұлттық экономика министрлігі президент Қ.Тоқаевқа 2022 жылы мұнайлық емес тапшылық 5,1%-ға дейін төмендеуі керек екендігі туралы есеп берген болатын. Бірақ шын мәнінде, керісінше, тура 2 есе өсім болды. Ал, бізге оны қабылдап, сол арқылы заңдастыруды ұсынуда».