«Мәселен, су арнасынан асқан Атырау өңірінің бір жаняұсы 29 сәуірде дүниеге келген тұңғыш ұлының есімін Тасқын-би қойса, Индер аудандык АХАТ бөлімінде де Тасқынбек есімді ұл баланың есімі тіркелген. Бұл – олардың отбасындағы сегізінші бала» дейді азаматтық хал актілерді тіркеу басқармасының басшысы Алмагүл Төремұратова.
Соңғы статистикалық мәліметке сүйенсек, ер балаларға көп қойылған есім – Мұхаммад. Ал, қыздарға ең көп қойылған есім – Айша. Одан кейін қыз балаларға Медина, Асылым, Сафия, ұлдарға Хамза, Айсұлтан аттары көбірек қойылған.