RSS лента

Ұлттық қордан – балаларға базарлық

  • 22.07.2023, 18:52,
  • 445
  • 0
  • Автор:
Автор фото: alashainasy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордағы қаржының бір бөлігін 18 жасқа толғанға дейін балаларға аударуды міндеттейтін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл өзгеріс былтыр 10 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығына енгізілген. Жинақталған қаражат 18 жасқа толғаннан кейін баланың меншігінде болады. Бірақ оны оңды-солды шашуға жол жоқ, тек оқуға немесе баспана сатып алуға пайдалану құқығы бар. Ескеретін жайт, жинақты шетелдік оқу орнында оқу ақысын төлеуге де пайдалана алады.

 

Жаңа өзгерістің төлем механизмі республика бойынша 2024 жылы басталады. Деректерге сүйенсек, Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің бір бөлігі 6,5 миллион балаға бөлінбек. Егер бала 2023 жылы дүниеге келсе, онда ол шамамен 3,5 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы алады

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости