RSS лента

О дүниеден қайтып келді...

  • 10.05.2024, 09:38,
  • 3 258
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот: 2016.weacom.ru

Апельсинге қақалып тұншыға бастаған 73 жастағы әйел клиникалық өлімге душар болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атыраудағы қарттар үйінде орын алған тосын жағдайдан жедел жәрдемнің жедел әрекеті құтқарды. Қария о дүниеден оралғандай күй кешті.

 

«Біздің бригада оқи орнына келгенде әйел тіпті сөйлей де алмады. Геймлих әдісімен алғашқы медициналық көмек көрсетілген кезде ол есін жоғалтты. Сөйтіп, клиникалық өлім орын алды» дейді облыстық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманова.

 

Абырой болғанда, құрамында фельдшерлер Мейрамгүл Құрмашева мен Аяулым Латиева бар №26 бригаданың ұйымдасқан әрекеті нәтижесінде қайғылы жағдайдың орын алуына жол берілмеді. Реанимациялық шаралардан соң әйел есін жиып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости