Белгілі болғандай, жедел жәрдем қызметі қалалық №2 ауруханаға өте ауыр жағдайда 52 жастағы жергілікті тұрғынды жеткізген. Ол жол үстінде клиникалық өлімді бастан кешіп үлгерген. Өз кезегінде ақ халаттылар алғашқы көмек көрсетіпті. Соның арқасында болу керек, науқастың жүрегі қайта соққан екен. Сөйтіп, жасанды тыныс алу құрылғысына қосылған. Жансақтау бөлімінен кардиологияға ауыстырылған оның қазіргі жағдайы қалыпты, өздігінен тыныс алып жатыр.