Еске сала кетсек, былтыр марқұмды формалинмен өңдеген атыраулық мәйітхана қызметкерлері 100 мың теңге алып келгенін жазған едік. Ал, дұрысында 13 мың теңге алуы керек екен. Төлемдер аталған бюроға емес, қоймашының қызына аударылып отырған. Бұл туралы қала тұрғындары «Әділдік Жолы» ұйымының Атыраудағы филиалына арызданып, аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілген болатын.