Осылайша, ол 2020 жылы өмірден өткен анасы Мәрияш Құрбаниязованың (мамандығы агроном) ісін жалғастырып отыр.
«Анам Өзбекстанға сапарында үйлердің ауласында лимон өсіп тұрғанын байқап, кейін Еркінқаладан жылыжай («Раяна» шаруа қожалығы) ашты. Сөйтіп, 40 сотық жерге 100 лимон ағашын екті. Бүгінде анамның ісін мен жалғастырып жатырмын. Қазір мұнда лимонмен бірге асқабақ, сәбіз, қияр, алма, шабдалы және басқа да жеміс-жидектер өсіремін. Лимонның бір артықшылығы, бір жылда екі рет жеміс беруі мүмкін. Егер күтімін келістірсе, бір ағаштан 40-500 келі жеміс жинап алуға да болады» дейді С.Өмірбайқызы.
Бір қызығы, Салтанаттың лимон мен апельсин ағашын бодандастыру арқылы жасаған жаңа өнімі көпшіліктің үлкен сұранысын тудыруда. Әуелде ол өсірген жемістерін өзінің дүкенінде сатса, енді оны ірі сауда орындарына жеткізеді. Біреулер, тіпті, өздері аяқтай келіп, таласа алып жатыр. Сондай-ақ, сатылымда жеміс шыбықтары да бар.
Енді кәсіпкер келіншек өз өнімін өзге өңірлер мен шет елдерге де ұсынғысы келеді. Ендеше, ойлағаны орындалғай деп тілейік!