RSS лента

Атырауда әйел жауынқұрт өсіріп байыған

  • 02.08.2022, 15:01,
  • 3 102
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Атыраулық марокко жалбызы мен калифорниялық құрттан пайда тауып отыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Анар Бекмамбетова есімді кәсіпкер 1 қорап жауынқұртын 6 айда 400 мыңға жеткізіп, еңбегінің жемісін көруде.

 

Жауынқұрты – топырақты құнарландыруда таптырмайтын құрт. Анар Бекмамбетова оны өсірумен 1 жылдан бері айналысып келеді. Кәсіпкер құрттарын жапырақ, тал сабағы және төрт түліктен бөлінген органикалық заттармен қоректендіру арқылы «биогумус» деп аталатын биологиялық тыңайтқыш шығарады.

 

 

«Бұл кәсіпті қолға алуымның өзі қызық болды. Жаңа жылға күйеу балам 1 қорап жауынқұртын әкеліп берді. Содан бастап оларды зерттеп, үйде өсіріп қарадым. Жәндіктер көбейе бастағасын, тағы да жауынқұрттарын сатып алдым. Қазір 40 шаршы метр аумаққа көбейді» деді кәсіпкер.

 

Кәсіпкер құттарды малдың қиы, жеміс-жидек және көкөністердің қалдықтарымен қоректендіреді. Мұндай органикалық тыңайтқыштарды ауыл ішінен табу қиын емес. Дегенмен,жауынқұртының калифорниялық түрінің күтімі бағасына сай болуы қажет.

 

Калифорниялық жауынқұртының нарықтағы құны 1 шаршы метріне 150 мың теңге тұрады. Түркістан облысында оның бұл түрінің саудасы қызып тұрса, бізде енді қолға алынып жатыр.

 

Кәсіпкер әйел кішкентай ауласында құрттан бөлек, жеміс-жидек пен көкөністің сан түрін өсіріп отыр. Солардың бірі – бізге шет елден келетін марокко жалбызы.

 

«Бұл жалбызды да әріптесімнің айтуы бойынша өсірдім. Марокко жалбызының таптырмайтынын, табылған күнде қымбат екенін айтты. Кейін осыны кәсіп қылып көрсеңші деп кеңесін де берген. Расында да солай екен. Сол күні 1 кг әкеліп 2 апта тамырландырдым. Сосын аулама ектім. Енді сұраныстың көптігінен, жалбыздарды өсіріп үлгермей жатырмын» дейді кәсіпкер.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости