RSS лента

Құрт баптап, табыс тауып отыр

  • 23.02.2022, 02:56,
  • 473
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Құрт өсіріп табыс тауып отырған тұрғын жұрттың таңқалдыруда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

БҮГІНГІ КЕЙІПКЕРІМІЗ ҚОНЫСБАЙ ТӘЖІБАЕВТЫҢ КӘСІБІ ЖҰРТТАН ӨЗГЕШЕ. ОЛ «ШЫЛАУШЫН» ДЕП АТАП ЖҮРГЕН КӘДІМГІ ЖАУЫНҚҰРТ ӨСІРЕДІ. БҰНЫ ҚОНЫСБАЙ ОСЫДАН ТӨРТ ЖЫЛ БҰРЫН ҚОЛҒА АЛҒАН ЕКЕН. «ҚҰРТ ӨСІРУ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНДАРЫ ҮШІН ТАҢСЫҚ БОЛА ҚОЙМАС. АЛАЙДА, ҚАРАПАЙЫМ ЖҰРТ АЛҒАШ ЕСТІГЕНДЕ АҢ-ТАҢ БОЛЫП ЖАТАДЫ. ДЕСЕК ТЕ ОСЫ КӘСІПТІҢ ҚАДІРІН БІЛГЕН ЖАНҒА МҰНЫҢ ПАЙДАСЫ БАР» ДЕЙДІ СҰХБАТТАСУШЫМЫЗ.

 

Көзге көрінбейтін кәсіп Еліміздің оңтүстік аймақтарында кəсіптің бұл түріне ден қойғандардың қатары еселеніп келеді. Ал, біздің облыста олардың саны бірлі-жарым. Соның бірі Қонысбай Тəжібаевтың шылаушындарға деген қызығушылығы интернеттегі осы салаға қатысты материалдарды оқудан басталыпты. Содан өзіне көп мəлімет, тəжірибе жинақтаған. Осылайша, Ресейден құрттарды алдырта бастайды. Бүгінде Қонысбайдың шаруашылығында 700 мыңдай құрт өсірілуде. Байқасақ, шылаушын өсіру оңай жұмыс емес екен. Ол өзіне көңіл бөлгенді, баптағанды тəуір көреді.

 

– Біз əдетте шылаушынды балық қармағына түйрей салатын жəндік ретінде көреміз. Анығында, олар өте сезімтал келеді. Кейде үйіме балықшылар келіп, құрттарды сатып алатыны бар. Сол кезде тыныш жатқан уақ тіршілік иесі мазасыздана бастайды. Бөтен адамды бірден таниды. Ал, өңделген топырақты електен өткізген уақытта бұлар стреске түсіп, көп уақыт демалуды қажет етеді, – дейді кəсіпкер.

 

…Аулада тұрған үлкен шоланның ішіне кірдік. Оның іші тып-тыныш, таза екен. Иіс те сезілмейді. Көзге түскені малдың күбірі толы ұзын астаулар ғана. Міне, шылаушындар осы күбірдің арасында өмір сүреді. Олар малдың көңін құнарлы биогумусқа айналдырады. Биогумус өндіру технологиясы Ең əуелі малдың тезегі сумен шайылып, бойындағы аммиак қышқылынан тазартылады. Күбірдің арасында қоқыстың болмағаны дұрыс. Содан соң үстіне құрттар жіберіле бастайды.

 

Шылаушындар ылғал сүйгіш жəндіктер қатарына жататыны белгілі. Сондықтан күбірді құрғатпай су себелеп тұрған жөн. Осы арада ескере кететін жайт бар. Бұл – мал көңінің сапасы. Құрттарға малдың жаңа түскен тезегін қосуға болмайды. Мұндайда аса жоғары қызу олардың тіршілігін жояды. Əрбір құрт күніне өзінің салмағындай күбірді өңдейді. Күтімі жақсы болса тез көбейеді. Компосттың негізін кез-келген органикалық қалдықтар құрайды.

 

Бастапқыда бір текшеметрлік пластикалық жəшіктерді қолдануға болады. Жемтік ретінде қағаз қалдықтары мен қураған жапырақтар беріледі. Шылаушындар +15 – +25 градус температура аралығында өздерін жақсы сезінеді. Қыстыгүні 70 см тереңдікке дейін бойлайды. Өңделген күбірде иіс болмайды. Құрттар толықтай дайын топырақтан арнайы електер арқылы ажыратып алынады. Топырақ құнарын төрт жыл сақтайды Биогумустың басты артықшылығы – құрамында химиялық қоспалардың жоқтығы. Яғни бұл таза табиғи өнім. Бағзы заманнан осы уақытқа дейін бəріміз малдың көңін еш өңдеусіз[1]ақ егінге, бау-бақшаға қосып келдік.

 

Бірақ, мұндай көңде өсімдікке зиянды түрлі бактериялар өмір сүретінін ескере бермейміз. Ал, шылаушындар осындай қауіпті бактерияларды жойып отыратын көрінеді.

 

– Бүгінгі таңда бізге шетелдерден арнайы қаптамаға салынған биогумустар келеді. Алайда, оны таза деп айта алмаймыз. Өйткені, таза биогумус ол жақтарда өте қымбатқа сатылады. Қазір біздің жеріміз түрлі нитраттармен уланып, топырақ эрозияға ұшырады. Мұндай жерге шыққан өнімнің сапасы айтпаса да белгілі. Мəселен, былтыр біздің жерде өскен қызанақты Ресей өз шекарасынан өткізбей қойды. Өйткені көкөністерде нитраттың жоғары екендігі анықталды. Ал, диқандар жерге дəріден басқа ештеңе салып жатқан жоқ. Қазіргі адамдардың аурушаңдығының басты себебі де жеп отырған тағамының таза болмауында. Керісінше, шылаушын өңдеген күбірдің тірі организмге зияны жоқ. Жерді құнарландырады. Топырақтың құнарын төрт жыл сақтайды, – дейді кəсіпкер.

 

Иə, аталған шаруашылықтың өңірімізде өрісі кеңейсе, халыққа зор пайдасы тиері сөзсіз. Бүгінгідей құнарсыз асқа денсаулық пен ақшаны садақа қылып жүрмес едік. Мемлекет қолдау көрсетіп жатса, Қонысбай бизнесінің ауқымын кеңейтпек ойы бар. Өзі секілді шаруалар қатары көбейсе, егін шаруашылығы саласының гүлденеріне де сенеді.

 

«Ең бастысы, бұл іспен айналысамын деушілерге еңбексүйгіштік пен төзім қажет» дейді ол.

 

Шылаушындарды əуесқой балықшылар жүздеп сатып алады. Дайын, өңделген топырақтың килограмы 70 теңгеден саудаланады. Сауда көктемге қарай қыза түседі екен. Кəсіпкер дəл қазір күбірдің əр қапшығын 500 теңгеге сатып алып отыр. Ал, кейбір алыс-жақын ауылдардағы малшылар қорадан шыққан көңді қоқысқа тонналап төгуде. Күбірге өзге де қоқыстар араласқан соң оны пайдаға асыру қиынға түсетін көрінеді. Егер ауыл шаруашылығы мамандарымен шаруалар өзара ұйымдасып, егістік алқаптарына осы тірі тыңайтқышты қолданса, бұл кəсіп кең қанат жаяр, бəлкім.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости