«Бірнеше жыл бұрын 20 жылыжайда лимон өсіре бастаған едік. Қазір лимоннан өнім алып отырмыз. Содан соң тәжірибе жасау мақсатында інжірді өсіруді қолға алдық. Інжір де біздің өңірге жерсінді. Жақында алғашқы өнімін жинадық. Өзбекстандық ғалымдардың кеңесіне сүйенсек, інжірді тек жылыжайда ғана емес, ашық аспан астындағы алқапта да өсіруге болады. Бірақ, қысқы маусымда оны да жүзім сияқты жауып қою керек», – деді кәсіпкер бізбен әңгімесінде.
Оның айтуынша, Атырау секілді жартылай шөлейтті аймақ үшін таңсық саналған інжірден 50 келіден астам өнім алудың мүмкіндігі бар. Осыны ескерген шаруагер алдағы жылы оны 1 гектар алқапта өсіруді көздеп отыр.