RSS лента

"Бала боққа тұншығып жатты..."

  • 27.11.2023, 18:29,
  • 590
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Кезінде әжетханадан бала тауып алған полицейлер өз естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Қателеспесем, бұл 2015-2016 жылдары болды. Кезекшілікте тұрған кезде жергілікті тұрғын үйлердің бірінің дәретханасынан жаңа туған нәресте табылғаны туралы хабар келді. Оқиға орнына тез жеттім. Жедел жәрдем медбикесі "бала өлді" деп қорқып айғайлап жатты. Бірақ дәретханадан жаңа туған нәрестенің дауысы естілді. Шұңқырға қарап, дәретхананы итеріп жібердім де, оны ақырын көтеру үшін төменге түстім. Нәресте әлі жолдасынан ажырамаған екен. Мен бірден жоғарыға көтеріліп, оны сыртқа шығардым. Баланың періштесі қақты деуге болады, өйткені шұңқырдың ішінде менің өзіме ауа жетпеді, тұншығып қалдым» дейді Амангелді Мұқашев.

 

Періштесі қаққан бөбек өзін құтқарған полицейдің құрметіне Амангелді деген ат еншілеген.

 

Айта кетейік, бұған дейін әйел дәретханада босанып, ұлын сол жерге тастап кеткені хабарланды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости