Әнші Ақбота Керімбекова әлеуметтік желіде Роза Қуанышқызының сахнада ән айтқан сәтін жариялап, әсерлі жазба қалдырды.
“Концерт алдында қатты тұмауратып қалыпты. Соған қарамастан 100 пайыз жанды дауыста ән шырқап шықты. Роза Қуанышқызы, сізге ауыруға, қартаюға болмайды, сіз Қазақ эстрадасын әлі талай биікке жетелеуіңіз керек! Халық Сізді қатты жақсы көреді, мен де” деп жазды А.Керімбекова.
Айта кетейік, 15 желтоқсан күні Халық артисі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты мерейтойлық ән кешін өткізген болатын.