Сұхбат барысында ел арасында дау туғызған жыныс ауыстыру мәселесі де айтылды. Сонымен, Қазақстанда жыныс ауыстыруға рұқсат берілді. Бұл сұмдыққа кім кінәлі?
«Біз бұған «Қазақ үнінде» жауап бердік. Депутат ретінде мен қарсымын. Халықаралық ұйымға мүшеміз, Еуропарламент бізді сынайды екен деп ұлттық ұғымнан ажырамауымыз керек. Біз Азиядағы қазақ деген ұлттың өкіліміз. Бұған «Қазақ үні» сайтының бас редакторы, дарынды ақын, «Дарын» сыйлығының лауреаты Азамат Тасқараұлы керемет жауап берді. Адамның жынысын ауыстырғанша, Цойдың миын ауыстыру керек деп жазды. Біздің жауабымыз сол» деді халық қалаулысы.