RSS лента

“Тойынғаннан секіріп жүр ғой..."

  • 14.12.2022, 17:44,
  • 1 320
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Әнші Мейрамбек Беспаев хейтерлерге жауап берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Дубайда демалып жүрген Мейрамбек Беспаев әлеуметтік желіге жазба жариялап, әріптестерін күлкіге қарық қылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды. Өнер жұлдызының желідегі теріс пікірлерге еті үйренген болуы керек.


“Мақтанбашы” ,”Осылардікі өмір”, “Шегірткелер”, “Дубайға барған жалғыз сен емес шығарсың”, “Тойынғаннан секіріп жүр ғой”, “Қойсаңдаршы осындайларыңды”, “Ішкен-жегенін, қыдырғанын сала береді”, “Осылар-ақ...”, “Жыртыл қазақ”, “Жүріңдер сол ақшаны шетелге шашып”, “Сен бармасаң, футбол өтпей қалатындай...” деп жазбағандарға бүкіл әлемді шарлау жазсын. Аман болыңыздар”, – деп жазба қалдырды ол.


Бұл сөздер өзге де әріптестеріне таныс секілді. Сәкен Майғазиев, Ернар Айдар, Әбдіжаппар Әлқожа, Мәдина Сәдуақасова сынды әншілер өнердегі әріптесінің бұл жазбасын қолдады.


“Мақтана бермеші”, “Сен бармасаң, футбол болмай қала ма?”, “Осы сендер-ақ...”, деп жазбаймын, Мәке”, – деді Сәкен.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости