Қазақстан футбол федерациясы айыппұл арқалады
- 31.05.2022, 02:41,
- 608
- 0
- Автор:
Сәуле МАҒАУ
Автор фото: әлеуметтік желі
Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы матчта жанкүйерлер зат лақтырып, алаңға жүгіріп шыққаны үшін УЕФА Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
Спорт саласының шенеуніктері ұлттық құраманың барша жанкүйерін алдағы матчтарға бару құқығынан айырылып қалмау үшін қолдау мәдениетін жоғары деңгейде көрсетуге шақырды.
Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы Молдоваға қарсы өткен Ұлттар лигасы матчында ұлттық құраманы қолдағаны үшін жанкүйерлерге алғысын білдірді.