RSS лента

Бақытгүл Хаменованың парақшасындағы пост талқылануда

  • 07.08.2022, 14:27,
  • 3 343
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Атышулы алғашқы сот отырысынан кейін айыпталушының әлеуметтік желісінде жарияланға жазба қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

"БАҚ беттеріндегі соңғы басты жаңалық - Бақытгүл Хаменованың соты.  Журналистердің ішінде сот процесі туралы  халыққа нақты жеткізе алғаны да бар, аяғы тайып сүрініп кеткені сынды көр-жерді сөз қылғаны да жоқ  емес.

 

Желідегі жазбаларды жарыса бөлісіп, айызы қанғанша сыбап, “сотталсын!” деп жатқандар да жетерлік. Пікірлерге  көзің түсіп кетсе, жағаңды ұстайтындай жағдай.    Ақ жаулықты ана жасындағы апалар, ер деп сенім артар азаматтар да ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шығып, қарғап-сілеп, табалаудан аянып қалмаған екен…

 

Жә, налымадық аса, анамыз айтқандай, өресі төмен кейбіреулердің  көп сөзі мен боқ сөзі тағдырды шешпейді. Аллаға шүкір, бауырымыздың адалдығына сеніп, қолдау көрсетіп сотқа келген, әлеумжеліде жылы сөзімен жылатып та, жұбатып та жатқан тілеулес ағайынның қарасы қалың.

 

Пара алушы да, параны беруші де  бостандықта үйінде жатқанда, 8 ай бойы СИЗО-да сотты күтіп жатқан Б.Хаменованың “Әділдік жеңеді!” деген бір ауыз сөзін сан-саққа жүгіртіп, болжам жатқан да өз қазағымыз.   Түсінбейтініміз - бұл істе ТҮК КІНӘСІ жоқ Б.Хаменова неге өзіне сенімді болмауы керек, неге әділдікке сенбеуі керек?! 

 

Сырттан тон пішіп, ғайбаттың есігін ашпайық, ағайын! Одан да істің ақ-қарасына, ақиқатқа  көз жеткізгілеріңіз келсе, 11 тамызда  ашық сотқа келіңіз. Әйтпесе ғаламтордың алдында бір-бірімізді қажап, бал ашып, сәуегейлік құрып, күнәға батпайық!

 

Келіңіз! Құлағыңызбен естіңіз, көзіңізбен көріңіз!

 

Р.S. Алланың қалауымен ӘДІЛДІК ЖЕҢІП, Б.Хаменова ақталып шықса, тағы да парамен шешті дейді біраз қазақ. Бізге дауа жоқ негізі…" делінген Бақытгүл Хаменованың "фейсбук" парақшасында.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости