RSS лента

Алда үлкен апат келе жатыр ма?

  • 07.12.2022, 23:44,
  • 527
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Қазнет пайдаланушылары TikTok-та тіркелген нақты уақыт саяхатшысының аккаунты туралы жазады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Оның болжауынша, жақын арада адамдар тылсым күштерге ие болады, телескоптан «айналы» Жер көрінеді, жолаушылар лайнерлері із-түзсіз жоғала бастайды және адамдар күтпеген жерлерде аспаннан құлайды. Бұған сенуге бола ма? Ресми stopfake.kz мұны талқылап көрді...



Бұл TikTok аккаунты өзін уақыт саяхатшысы деп атайтын Эно Аларикке тиесілі. Ол адамзатқа алдағы уақытта болатын апат туралы және оның алдын алу қажет екенін ескерту үшін 2671 жылдан келдім деп мәлімдеді. Эно Аларик – ойдан шығарылған есім. Пайдаланушы парақшасына миллион адам жазылғанда ғана өзінің нақты есімін айтуға уәде берді. Шынымен болашақтан келгенін растау үшін Эно Аларик болжам жасалған видеолар түсіреді.

Аларик фантастикалық болжамдардан басқа, өзінің болашақтан келгеніне ешқандай дәлел келтірмейді.

 

Айта кетейік, өзін уақыт саяхатшысы ретінде таныстырған басқа да адамдар болды. Осындай алғашқы онлайн әзілкештердің бірі – 2000 жылға 2036-дан келген Джон Титор. Ол 2015 жылы үшінші дүниежүзілік соғыс басталады деп айтқан. «Саяхатшының» жеке басы тез анықталды. Бұлр АҚШ-тың Флорида штатында тұратын ағайындылар болып шықты.


Осыдан кейін басқа да «саяхатшылар» болды. Олардың кейбіреулері психикалық ауруға шалдыққан адамдар, ал басқалары конспирологтардың немесе сатиралық сайттар ойдан шығарғандар болып шықты.

 

Жалпы уақытқа саяхат жасау мүмкін емес. Ғалымдардың пайымдауынша, теориялық тұрғыдан ұқсас технологиялар болашақта пайда болуы мүмкін. Алайда, олардың болжамы бойынша, бұл ретте өткенге емес, тек болашаққа ғана саяхаттау мүмкін болады.


Атақты физик Стивен Хокинг өткенге қайтып бару мүмкін емес деп есептеді, өйткені бұл физиканың негізгі заңдарының бірі – энергияны сақтау заңын бұзады.


Ол тіпті мұндай саяхаттардың мүмкін естігін дәлелдеу үшін тәжірибе де жүргізген. Хокинг уақыт саяхатшыларына арналған кеш ұйымдастырған. Бірақ іс-шара шақыруды ол біткеннен кейін жіберген. Ғалымның пікірінше, оған кемінде бір адам келсе, оны уақыт саяхатшысы деп санауға болады және оның гипотезасы жоққа шығарылатын еді. Алайда кешке бірде-бір қонақ келмеген. Сонда Хокинг өткенге саяхаттау мүмкін еместігіне тәжірибелік дәлелдері бар екенін мәлімдеді. Демек, Эно Алариктің уақыт саяхатшысы емес, жазылушыларымен әзілдеспек болған біреу. Оның болжамдарына сенуге ешқандай негіз жоқ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости