RSS лента

"Құрттар мен қоңыздарды құшарлана жеймін..." (+фото)

  • 23.11.2022, 12:10,
  • 513
  • 0
  • Автор:
Автор фото: metro.co.uk

Оңтүстік Африка республикасы Йоханнесбург қаласының тұрғыны Джоанн Текоу құмырсқа, құрттар мен қоңыздарды тұтынады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Сөзінше, жәндіктердің дәмін алғаш 2017 жылы татып көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Metro басылымына сілтеме жасап. 30 жастағы зоолог Джоанн Текоудың әкесі 2017 жылы Азиядан шегірткелер алып келгенін айтады. 


"Алғаш рет шегірткелерден дайындалған ұнтаққа саусағымды батырып, дәмін көрдім. Осы кезден бастап жәндіктерді жей бастадым", - дейді ол. 


Кейін әкесі шаян, бамбук шылаушындары және шоколадтағы жібек құрттарын берген. 


Уақыт өте жәндіктер Текоудың мәзірінің бір бөлігіне айналған. Тіпті шегірткелерді гаражында өсіріп, оларды салат дайындау кезінде де қосады екен. Сонымен қатар ұн қосып қайнатылған шылаушындарды кивимен жейді.


"Ұндағы шылаушынның дәмі тауықтың етіне ұқсас, құмырсқалар сәл тұзды, ал шегірткелердің дәмі жаңғақ секілді. Оларды қуырса, қуырылған тауық етіне ұқсап, попкорнның иісі шығады. Бамбук шылаушындары тұзды, бірақ өте дәмді. Мен оларды чипсы секілді жейтін едім", - дейді Джоанн. 


Зоолог мұндай ас мәзірінің тек дәмді ғана емес, құнарлы екенін де айтады. Себебі құрамында ақуыз көп екен. Сонымен қатар ол алдымен қарапайым жәндіктерді жеп бастауға кеңес береді. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости