Бұл туралы Evie басылымына сілтеме жасаған Stan.kz хабарлады. Байқау Нью-Гэмпшир штатында өтті. 19 жастағы үміткер байқауға қатысуға рұқсат алып қана қоймай, әйел сұлулығының қабылданған стандарттарына сай келмесе де, байқауда жеңіп шықты.
Бриен Нгуен жеңісінің арқасында Miss Greater Derry Scholarship стипендиясын пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Ол 17 мен 24 жас аралығындағы жас қыздарға оқу үлгеріміндегі, дарындылығындағы, мінезіндегі және қоғамдық белсенділіктегі үздік жетістіктері үшін беріледі.
Брайан Нгуен - тиктокер, сонымен қатар plus size моделі және маргиналданған топтардың құқықтарын қорғаушы.
"Мисс Америка байқауының 100 жылдық тарихында ресми түрде бұл титулды иеленген бірінші трансгендер болдым. Мен өз ұйымыма қызмет ету және оны Мисс Нью-Гэмпшир байқауында алғаш рет көрсету кезіндегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мен өте қуаныштымын. Бұл таңғажайып жыл болады ", - деді жеңімпаз.
Әлеуметтік желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді, кейбірі толеранттылық пен теңдікті құптады. Ал Twitter-де байқауды ұйымдастырушыларды сынаған көптеген пікірлер пайда болды.