«Әділет министрлігі Қылмыстық сот төрелігінің барлық қатысушыларына Америка Құрама Штаттарының Конституциясы мен заңдарында кепілдік берілген құқықтардың сақталуын ғана емес, сонымен бірге әділ және адамгершілікпен қарауды да қамтамасыз етуі керек. Бұл міндеттеме өлім жазасы қарастырылған қылмыстарды қарау жағдайында ерекше күшке ие» деді АҚШ Бас прокуроры Меррик Гарленд.
АҚШ-та өлім жазасын тоқтату бірінші рет емес. 1972 жылы өлім жазасы федералды деңгейде жойылды. Бірақ, 1988 жылы ол жартылай қалпына келтірілді. Қазір өлім жазасы елдің 28 штатында қолданылады және федералды заңмен заңдастырылған.
2020 жылы елде 17 адам өлім жазасына кесілді. Сайлау науқаны кезінде АҚШ президенті Джо Байден өлім жазасын федералды деңгейде жоюға уәде берді.