RSS лента

Әкімдердің цифрлық орынбасарлары пайда болмақ

  • 20.04.2022, 03:37,
  • 872
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Облыс әкімдері мен республикалық маңыздағы қала әкімдерінің цифрлық орынбасарлары пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы "Қазақпарат" мәлім етті. «Ашық НҚА» порталында жарияланған қаулы жобасына сәйкес ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» № 150 Жарығына «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, олардың бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және цифрлық орынбасарлары (Chief Digital Transformation Officer, CDTO)деген жолдар қосу ұсынылған. Жоба 2022 жылдың 27 сәуіріне дейін жария талқылауда болады.

Бұған дейін ҚР Үкіметіне екі айдың ішінде өз аппаратының, орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың санын екі есе қысқарту жүктелгені айтылды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости