«Біз 5G технологиясын енгізу бойынша жұмыстар атқардық, қазір тестілеу жүргізілуде. Осы жылдың соңына қарай технология Республикалық маңызы бар қалаларда – Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, ал 2023-2024 жылдары облыс орталықтарында енгізіледі деп күтілуде. Бұл ретте ауылға 5G тартпаймыз», — деді ол.
Бұған дейін хабарланғандай, Түркістан Қазақстандағы алғашқы 5G қала болды. Сонымен қатар, басқарма Қазақстанда 5G-ді іске қосуға 442 млрд теңге жұмсалатынын хабарлаған еді.