Аталарымыз әуелден киеге үлкен мән берген. Қоршаған ортасын, жануары мен құсын, тіпті жердегі жорғалаған құрт құмырсқасын киелі деп санаған. Оларға орынсыз тиіспеген. Киесі ұрады деп қорыққан. Қасиет қонған адамдарды, олардың зираттарын да солай құрметтеген. Ендеше, назарларыңызға халқының сүйікті ұлы, дарынды актер Асанәлі Әшімовтің басынан өткен хикаяны ұсынамыз.
...Бұдан біраз бұрын Доссор ауылының маңында «Тұзды көл жағасындағы үй» атты көркем фильм түсірілді. Соның шаруасымен режиссер Асанəлі Əшімов ағамыз бір топ адаммен Атыраудан Доссор, Мақат бағытында келе жатады. Ал, жолда Байбақты атаның бейіті бар еді. Оған əрлі-берлі жүрген адамдар тоқтап, құран бағыштап, дұға ететін. Дегенмен, көлікте отырған киношылар бұл жолы аялдамайды. Асекең «уақыт жоқ, алға тарта бер!» дейді жүргізушіге. Айтқандайын, шағын автобус зираттың тұсынан аса береді.
Кенет, не болғаны белгісіз, техника аяқ астынан бұзылады. Сол сəтте салон нан будақтап түтін де шығады. Ал, халық жеделдетіп сыртқа шығайын десе, есік жабық тұр. Жүргізушісі болса сол бойда қашып кеткен. Жаны қиналған жолаушылар автобус терезесін іштен сабалап, зорға дегенде əйнегін сындырып, бірін бірі сүйрелеп шығарады. Осылайша, қас пен көздің арасында жолаушылар ажалдың аузында кете жаздай ды. Ал, «Хюндай» аз аралықтан соң түгел жанып кеткен. Бұл сəйкестік пе, əлде тылсым күштің əсері ме, ол жағын ешкім білмейді. Бірақ, осы оқиғадан кейін Асанəлі Əшімов ағамыз аталардың басына барып дұға етіп, құрбандыққа мал шалып, тəубесіне келіпті.