RSS лента

Енді инсульт пен онкологияны ЖИ анықтай ма?

  • 27.01.2026, 18:16,
  • 50
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Қазақстанда әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте диагностикалауға және медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған денсаулық сақтаудағы басым ЖИ-жобалардың тізбесі қалыптастырылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Негізгі бағыттардың қатарына инсульт, өкпе және сүт безі обырын ерте диагностикалау, сондай-ақ жасанды интеллектті қолдана отырып, стоматологиялық суреттерді талдау жатады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл шешімдер практикалық денсаулық сақтау саласында енгізіліп, кеңейтілуде. Бүгінгі таңда отандық медицина мамандары түрлі ЖИ-сервистерді белсенді қолданады. Осылайша, Cerebra 5 өңірдегі II және III санаттағы 9 инсульт орталығында, WDsoft шешімі 10 өңірдегі 190 медициналық ұйымда қолданылады, AIDENTIS платформасы 65 стоматологиялық клиникада және 3 медициналық ЖОО-да енгізілді. ALIMA медицина қызметкерінің ЖИ-ассистенті бүкіл ел бойынша 700-ден астам емханада пайдаланылып отыр.

 

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы көрсетілген медициналық қызметтердің автоматтандырылған мониторингі, клиникалық шешімдер қабылдауды қолдау, дәрігер мен пациентті хабардар ете отырып, зертханалық талдаулардағы ауытқуларды анықтау, сондай-ақ медициналық ұйымдар мен сұраныс бойынша мамандар туралы өзекті ақпаратты ұсыну үшін ЖИ-агенттерін пысықтауда.

 

Жобаларды іске асыру 8 графикалық процессорды қоса алғанда, бөлінген Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің есептеу ресурстарын пайдалана отырып, сондай-ақ API-интерфейстерге қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

 

Келешекте SmartЭКГ шешімдерінің негізінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу, созылмалы жүрек жеткіліксіздігін ерте анықтау бойынша жобаларды енгізу үшін ЖИ-құралдарын енгізу жоспарланған. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости