Астанада Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының базасында түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің арасында Шұғыл медициналық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстанда алғаш рет шұғыл медицина орталығы төтенше жағдайлар, пандемия, техногендік апаттар жағдайында өзара іс-қимыл жасау және уақытылы медициналық көмек көрсету үшін бірыңғай базалық алаңға айналады.
Меморандумға қол қою барлық ТМҰ мемлекеттерінің аумағында шұғыл медициналық көмек жүйесін дамыту, кәсіби тәжірибе алмасу және инновациялық шешімдерді енгізу жолындағы маңызды қадам болады. Болашақта төтенше жағдайлар кезінде өзара көмекті нығайту және түркі мемлекеттерінің денсаулық сақтау жүйелерін дамудың жаңа деңгейіне шығару жоспарлануда.
Ержан Әділбеков шұғыл медицина орталығының бұл алаңы Түркі достастығы елдерінің мамандарын бірлесіп оқытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Іс-шараға қатысушыларға жаңа жабдықтармен жабдықталған шұғыл медицина клиникасының бөлімшелері, бүкіл ел бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндіктері , санитариялық авиация мен автокөліктің жаңа борттары көрсетілді.
ҰШМҮО – медициналық авиация, жедел жәрдем қызметтері мен қабылдау бөлімшелерінің жұмысын үйлестіретін озық көпфункционалды орталық. Кешенде 250 орындық стационар бар, оған 9 клиникалық орталық кіреді.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы қызметінің негізгі бағыттары – стационарлық көмек, медициналық авиация, клиникалық-диагностикалық және консультациялық-диагностикалық көмек.