RSS лента

Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылды қорытындылады

  • 18.01.2023, 01:07,
  • 492
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданып, жүзеге асырылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2022 жылы Денсаулық сақтау министрлігі ауқымды жобаларды іске асырды, елдегі медицина саласына инновациялық тәсілдерді енгізіп, іс-шаралар кешенін әзірледі.


Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданып, жүзеге асырылды.


Іс-шаралар жоспары аясында министрлік келесі жұмыстарды жүргізді:

 - көмек көрсету ережесінің және амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілді,

- медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету стандарттарының жобасы дайындалды;

-  жалпы практикалық дәрігерлердің жүктемелері төмендеді (1838), денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілді;

- ауыл тұрғындарының скринингтік тексеруден өту тәсілдері қайта қарастырылды.


Сондай-ақ, өткен жылы еліміз бойынша қосымша 9 қалалық емхана мен амбулатория пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Қарағанды облысында 3 емхана, Маңғыстау облысында 1 дәрігерлік амбулатория мен 2 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы, Түркістан облысында 1 емхана және Астана қаласында 2 дәрігерлік амбулатория.


2023 жылы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты жаңарады. Ведомствоның жоспарында  пациенттерді қолдау қызметі арқылы жалпы практика дәрігерінің рөлін арттыру, ақпараттандырылған қоғамдық мониторинг және халықпен кері байланыс тетігін енгізу, отбасын жоспарлау, ерлер денсаулығын жақсарту, баланың даму кабинеттерін жаңарту бар.


Сондай-ақ, медициналық көмек көрсетуде ауылдық жерлерге ерекше назар аударған жөн. Осыған байланысты ауыл халқының денсаулық сапасын арттыру және сақтау бойынша шаралар кешені әзірленді. 


Қандай жұмыстар атқарылды:

- 107 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны пайдалануға берілді;

- жылжымалы медициналық емханалар кеңінен пайдаланылды;

- «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы қайта іске қосылды (147 станция, 77 мыңнан астам тұрғын, 20,5 мың бала қамтылды);

- 29 мыңға жуық адам динамикалық бақылауға алынды;

- қосымша 72 дәріхана және 161 жеке дәріхана ашылды.


Тағы бір тоқталып өтетін бағыт - отандық медицинаның бірқатар бағыттары халықаралық деңгейде бәсекеге түсуі.


Мысалыға, 2022 жылдың 11 айында 209 орган трансплантациясы (162 бүйрек, 40 бауыр, 4 жүрек, 3 өкпе) жүзеге асырылды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22% - ға артқаны көрсетеді.


Медицина қызметкерлерінің табысын арттыру мақсатында 2022 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 30%-ға ұлғайтылды (416 мың теңге), орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 20%-ға ұлғайтылды (208 мың теңге), биыл қаржылық қолдау жалғасатын болады.


Қазіргі уақытта республикада денсаулық сақтаудың кадр ресурстарына қажеттілік 7,7 мыңнан астам штат бірлігін құраса, оның ішінде дәрігерлер шамамен 3,9 мың маман, орта медицина қызметкерлері шамамен 3,8 мың маманды құрайды.


Министрлік дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру және отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде. 2022 жылы жалпы сомасы 20 млрд. теңгеден астам 177 бірлік медициналық техника сатып алынып, өңірлерге бөлінді.

Фармацевтикалық нарықтағы отандық өндірістің үлесін 50% - ға дейін ұлғайту үшін сайлауалды платформаны орындау шеңберінде 2025 жылға қарай «Big Рһаrма»–мен жұмыс жалғастырылатын болады.


2023 жылы медициналық қызметтерді қаржыландыруды 11%-ға немесе 2 трлн 488 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлануда.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости